Барыс Айбек Айдарұлы

Қазақстанның кәсіпкері, өнеркәсіпшісі, жаңашылы

«Мен үшін бизнес — тек пайда көзі емес, елге қызмет етудің жолы. Сондықтан да мен заманауи технологияларға, отандық кадрларды тәрбиелеуге және
ұлттық мүддеге бағытталған жобаларға басымдық беремін!»

- Айбек Барыс

МЕН ТУРАЛЫ

Мен 1977 жылдың 30 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Қуаныш ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келдім. Әкем — Айдар Барысұлы, анам — Айман Әлібекқызы.

Жастайымнан самбо күресімен шұғылдандым.
Зайсан қаласындағы мектепті үздік бітіріп, ерекше үлгідегі аттестатқа ие болдым.

1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын (қазіргі Narxoz университеті) «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша экономист-дүниежүзілік қатынастар маманы ретінде аяқтадым.

Әкемнің әкесі — Барыс Жасықбаев (1905–1988) — білікті шаруашылық жетекшісі болған, Еңбек Қызыл Ту орденінің екі мәрте иегері. Ол кісі ел арасында іскер, мықты колхоз төрағасы ретінде танылған.

Отбасылы, үш баланың әкесі.

Ары қарай оқу
ЕҢБЕК ӨТІЛІ
Жыл
ЖЫЛ

Жыл
ЖЫЛ

Қапшағай пластикалық терезелер зауытында монтажшы болып жұмыс істеді. Кәсіпқойлық пен бастаманың арқасында бірнеше жылдан кейін ол құрылыс компаниясының атқарушы директоры болып тағайындалды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін — Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік холдингтерінің бірі "SAT&Co" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Корпоративтік стратегияны дамытумен айналысты, басқарушылық шешімдерге және бизнес-бағыттарды кеңейтуге қатысты.

"Қазстройсервис" жақ-ты директор лауазымында басқарды, онда стратегиялық басқаруға, құрылыс саласындағы жобаларды дамытуға және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға жауапты болды.

2007 жылдан 2012 жылға дейін — "СӘТТІ холдингтік компаниясы"ЖШС Бас директоры. Холдингтің дамуына, инвестициялық жобаларға және өндірісті жаңғыртуға жетекшілік етіп, өсім мен тиімді басқаруды қамтамасыз етті.

ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНАН БАСТАДЫ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС ДИРЕКТОРЫ

БАС ДИРЕКТОР СӘТТІ

1998

2003

2002

2007

"Alliance Group"директоры

КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ

2010 жылдан 2015 жылға дейін — "Alliance Group"ЖШС Бас директоры. Компанияның операциялық және стратегиялық қызметін басқарды, негізгі бағыттарды дамытумен, бизнес-процестерді оңтайландырумен және экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асырумен айналысты.

2007 жылдан 2010 жылға дейін — "Алматы халықаралық әуежайы"АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Бұған дейін Директорлар кеңесінің құрамына кірген. Стратегиялық басқарумен, инфрақұрылымды жаңғыртумен және әуежайды елдің негізгі көлік хабы ретінде дамытумен айналысты.

ЖЫЛ
ЖЫЛ
2007

2010

Жобалар
Миналарға қарсы қорғанысы күшейтілген құрышталған дөңгелекті техникаларды шығаратын өндіріс
Автоматтандырылған оқ атуды басқару жүйелерін шығаратын өндіріс
Отандық қорғаныс кәсіпорындарының мүдделерін қорғайтын қауымдастық
Артиллериялық оқ-дәрі шығаратын өндіріс

2014 жылы «Kazakhstan Paramount Engineering» компаниясын құрды — бұл Қазақстанда отандық брондалған дөңгелекті техникаларды өндіретін алғашқы зауыт. Жобаға жеке және қарыз қаражат салынды. Ел тарихында алғаш рет MRAP технологиялары трансферленіп, сарбаздардың өмірін қорғауға бағытталған техника жасалды. Жылына 500 бірлікке дейін өндіретін, локализация деңгейі 72% заманауи зауыт іске қосылды. Қазіргі кезде Бақылау кеңесінің төрағасы.

2018 жылы «Weapon System Engineering» компаниясын құрды. Бұл — «Shugyla» атты авторлық IT-платформа негізінде құрылған заманауи қорағныс басқару жүйелерін шығаратын кәсіпорын. Қазіргі таңда «Ansar» және «Sunkar» атты жауынгерлік модульдердің өндірістік үлгілері дайындайды. Компания қорғаныс және шабуыл операцияларының тиімділігін арттыруға бағытталған технологияларды жасап шығарады.

2020 жылы Айбек Барыстың бастамасымен еліміздегі қорғаныс-өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар бірігіп, «Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығы» атты заңды тұлғалар бірлестігін құрды. Қауымдастыққа 130-дан астам кәсіпорын бар. Бұл қауымдастыққа- мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындаушылары мүше. Барыс Айбек Айдарұлы осы қауымдастықтың Басқарма төрағасы.

Қазіргі уақытта «Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС Қазақстан аумағында толық өндірістік циклді қамтитын артиллериялық оқ-дәрілер шығаратын индустриялық кешен салу бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Жоба бірнеше кезеңге бөлініп, төрт зауыттан тұратын өндіріс желісін кезең-кезеңімен іске қосуды көздейді.
Сұхбат
Жаңалықтар
    info@baryss.kz
    Байланыс
    BARYSS.KZ